Астанада көлік жүргізушілері қаланың ортасында төбелесіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көлік жүргізушілері қаланың ортасында төбелесіп қалды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

 Астанада қаланың тура ортасында көлік жүргізушілері төбелесіп қалды деп хабарлайды 24 KZ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Астанада қаланың тура ортасында көлік жүргізушілері төбелесіп қалды деп хабарлайды 24 KZ.


Екі жүргізуші тура жолдың үстінде төбелескен. Салдарынан көлік қозғалысы біраз уақытқа дейін тоқтатылды. Бұзақылыққа жол бергендерді жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар ажыратқан. Бұл видео түсірілімді редакцияға оқиға куәгері жолдаған.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанадағы "Алматы" ауданының прокуратурасы 2014 жылдың ақпан айында сауда үйінің көлік тұрағында жағдайды ушықтырған көлік жүргізушісін айыптаған болатын.

Ол тұрақта көлік кептелісі орын алғандықтан орынсыз  дау-жанжал туындатқан. Айыпталушы болмашы нәрсені желеу етіп,  жәбірленуші ер адамға және оның жұбайына травматикалық қарумен оқ атқан. Осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген.
Қазірде айыпталушыға сот санкциясы арқылы қамауға алу шарасы қолданды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети