Астанада көліктер жарысы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көліктер жарысы видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Желіде Астана көшелерінде екі көліктің жүргізушілері жарысқан видео тарады. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Астана көшелерінде екі көліктің жүргізушілері жарысқан видео тарады. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Threads әлеуметтік желісінде Астана тұрғынының жазбасы жарияланды. Ол бейнетіркегішіне жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі түсіп қалғанын жазған: кадрларда екі көліктің жол ережелерін қасақана бұзғаны көрінеді.

Жазба авторының айтуынша, оқиға 24 наурызда шамамен сағат 23:50-де болған.

"Жаңа ғана вокзалдан үйге қайтып келе жатқанмын. Әкем мен анамды алып келе жаттым. Қабанбай батыр даңғылындағы қиылыста (Қорғалжын тасжолынан кейін) жанымнан екі көлік зымырап өтті. Біреуі бағдаршамның қызыл түсіне асқан жылдамдықпен өтіп кетті (бөлу жолағын ішінара кесіп өтті). Екіншісі жасыл түске өткенімен, тек солға - Шұбарға қарай жүруге рұқсат етілген жолақпен тіке тартты. Бізде ешкім сабақ алмайды", - делінген жазбада.

Полиция пікірі

Астананың Полиция департаменті ереже бұзғандар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Lexus пен BMW маркалы автокөліктердің жүргізушілері бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 21 наурызға қараған түні адам өліміне әкеп соққан жол апаты болған еді: әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелері қиылысында Mercedes пен Zeekr соқтығысып, үш адам қаза тапты.

Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы (бірі 22-де, екіншісі 20-дағы қыз) оқиға орнында тіл тартпай кетті. Zeekr жүргізушісі аман қалды. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети