Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментіне "Астана Су Арнасы", "Астана-Теплотранзит" және "Астана-РЭК" өтінімдері түсті. Қазір құжаттар қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Департамент басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбектің айтуынша, өтінімдер келесі жылға арналған. Биыл елордада коммуналдық қызмет тарифтері өзгермейді.
"Жыл аяғына дейін коммуналдық қызметтер бойынша, атап айтқанда негізгі су, жылу және электр энергиясы тарифтерінде, халық пен заңды тұлғалар үшін ешқандай өзгеріс болмайды", - деп сендірді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!