Астанада көпқабатты үйлердің 99 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес - Сарапшы

viewings icon 618 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астанадағы көпқабатты үйлердің 99 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес. Бұл туралы Тәуелсіз газ қауымдастығының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы көпқабатты үйлердің 99 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес. Бұл туралы Тәуелсіз газ қауымдастығының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, комиссия орталықтандырылған газбен жабдықталған барлық тұрғын үй кешендеріне тексеріс жүргізеді. Сарапшылардың айтуларынша, тұрғын үй ауласында газдан еш қауіп болмағанмен, баспанадағы жағдайды ешкім бақылап жатқан жоқ. Осыған байланысты тлар тез арада тексеріс жүргізіп, құбырларды ауыстыру қажеттігін ескертті. Оны тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс.

"Бұл мәселе бұрыннан бері келе жатқан ескі тұрғын үйлерге қатысты. Барлық бақылауды заң аясында жүзеге асыру үшін алдымен қайта құру жобасын жасау қажет. Нақты сметалық құны шыққан кезде, ары қарай тұрғындар өздері шешеді. Былтыр қалалық iKomek қызметіне газ тарауына қатысты 200-ге жуық шағым келіп түскен. Тұрмыстық газ 1000-нан аса тұрғын үйге жеткізілді. Бұл 80 мың пәтер. Олардың қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін әкімдік арнайы тапсырма беріпті", - дейді Тәуелсіз газ қауымдастығының өкілі Федор Мордвинкин.

"Білікті мамандардың жоқтығына байланысты,тексерістер бойынша,газ желісінің құрылысы бойынша газ желісінің құрылысына байланысты екі құрылыс монтажды ұйымы өздерінің жұмыс істеу лицензиясынан жарты жылға тоқтатылды. Елорданың барлық жекеменшік секторы газ бөшкесін пайдаланады. Қалаға бірнеше компания қызмет көрсетеді. 4 газ толтыру станциясы және 5 пункт ресми түрде жұмыс істейді. Өткен жылы олардың жұмысында 180 заңбұзушылық анықталған", - дейді өз кезегінде Астана қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Мақсат Абылов.

Еске салайық, осыған дейін Қала әкімі Бақыт Сұлтанов Магниторскіде болған қайғылы жағдайдан соң шаһардағы газ қондырғыдарын түгел тексеруді тапсырған болатын.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю