Астанада көпір аркасына шығып алғандарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Астанада көпір аркасына шығып алғандарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
"3 қазанда шамамен сағат 20.30-да Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының 102 пультіне белгісіз азаматтардың Қабанбай батыр көшесінде орналасқан автокөлік көпірінің аркасына шығып алғаны жайлы хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады жергілікті полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына автопатруль барды. Астана қаласының 1988 жылғы және 1995 жылғы тұрғындары ұсталды. Азаматтардан жауап алу кезінде олар аркага шығу себебін қала көрінісін жоғарыдан көргісі келгендерімен түсіндірген.
"Ер адамдардың бұл әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни ұсақ бұзақылық ретінде тіркелді. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. 28 жастағы және 21 жастағы азаматқа 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде (21 210 теңге) айыппұл салынды", - деді жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.