Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді Фото:gov.kz

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу аяқталған.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети