Астанада көшеде кіші дәрет сындыратындарды жазалау жалғасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көшеде кіші дәрет сындыратындарды жазалау жалғасады Тengrinews.kz иллюстрациясы

Астана полицейлері ұсақ бұзақылықпен күресті жалғастыра бермек. Бұл жолы 30 жасар қала тұрғыны рұқсат етілмеген жерге кіші дәрет сындырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты ІІД Әкімшілік полиця басқармасының инспекторы Лариса Красниковаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері ұсақ бұзақылықпен күресті жалғастыра бермек. Бұл жолы 30 жасар қала тұрғыны рұқсат етілмеген жерге кіші дәрет сындырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты ІІД Әкімшілік полиця басқармасының инспекторы Лариса Красниковаға сілтеме жасап. 

"21 тамыз күні сағат 13:20-да Астана қалалық ІІД-не қарасты жол-патрульдік полициясының қызметкерлері Есенберлин көшесіндегі №16/1 үйдің қарама-қарсысында кіші дәрет сындырып, қажеттілігін өтеп тұрған жас жігітті ұстады, ол айналасындағыларды сыйламай, тәртіпсіздік жасады. 30 жасар Астана тұрғыны бұзақылық жасағанын дереу мойындаған, - делінген хабарламада.  

Ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабымен жазаланып, бір күндік қамауға алынған. 

Астана ІІД-нің Әкімшілік құқық-бұзушылық басқармасының деректері бүгінде ұсақ бұзақылыққа қатысты 3,5 мың материал сот қарауына жіберіліп, 500 адам бұзақылық үшін қамалғанын, 3 мың азаматқа 3-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынғанын (жалпы сомасы 9,5 миллион теңгені құрайды) айтады. 

Естеріңізге саламыз, осыдан біраз уақыт бұрын астанамызда ашық сот бір мезетте 18 құқықбұзушылықты анықтаған еді. Олардың бірі дәл осылай рұқсат етілмеген жерге кіші дәрет сындырғаны үшін бір тәулікке қамалған болатын. 

Мұндай кездерде құқықбұзушылардың дені қоғамдық әжетханалардың жоқтығын айтып, наразылықтарын білдіріп келеді. 

Әділет министрлігі жанындағы сот-сараптамалық орталығының директоры Исидор Борчашвили "ұсақ бұзақылықпен күреспес бұрын, жергілікті биліктен қоғамдық әжетхана салуды талап ету керек" деген пікірде. 

"Бұл сұрақ орынды қойылып отыр. Егер де қоғамдық орындарда азаматтарды тәртіпке шақырғымыз келсе, мен оған келісемін. Ол үшін оларға қажеттіліктің бәрі жасалу тиіс емес пе?" - дейді Борчашвили.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети