Астанада "ҚР 2017-2021 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-әрекеттер жоспары жобасы" тақырыбында конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жоба үйлестірушілеріне сілтеме жасап.
Астанада "ҚР 2017-2021 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-әрекеттер жоспары жобасы" тақырыбында конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жоба үйлестірушілеріне сілтеме жасап.
"Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" "Қазақстанның азаматтардың құқықтарын қорғау және заңнамаларды сақтау бюросы" және "MediaNet Халықаралық Журналистика орталығымен" бірге өткізген "ҚР 2017-2021 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-әрекеттер жоспары жобасы: адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар ұсынымдары негізінде жасалған азаматтық қоғам ұсыныстары" тақырыбындағы брифингке ҚР президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Парламенті, ҚР Конституциялық Кеңесі өкілдері, Министрліктер мен ведомство қызметкерлері, адвокаттар, беделді ұлттық сарапшылар, академиялық, қоғамдық орта және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
Қатысушылар еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін ұлттық деңгейде жетілдіру жолдарын, 2017-2021 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Екінші Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын дайындау мәселелерін, сонымен қатар Қазақстандағы азаматтық, саяси, әлеуметтік және экономикалық құқықтар мен бостандықты қорғауды ары қарай дамыту жолдарын ұсынған конвенциялық мекемелер ұсынымдарын талқылады.
Қоғамдық ұйым сарапшылары дайындаған "Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-әрекеттер жоспары" - бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш мәселелені шешуге арналған концептуалды құжат. Аталған үш мәселе: ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіру, адам құқықтары мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы институционалды даму мен құқық қолдану тәжірибесі; аталған стандарттардың мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы халқы арасында да тарату; халықаралық ұйымдар мен қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері ұсынған ұсынымдарды негізге ала отырып, "жол картасын" жасау және жүзеге асыру", - дейді Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.
"Қазақстанда парламентаризмді дамыту" Қорының президенті Зәуреш Баталова өз сөзінде: "Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамуының ең маңызды алғышарттарының бірі - жарияланған адам құқықтары жөніндегі заңнамалар мазмұнын іс-жүзінде іске асатындай етіп толықтыру. Оларды жүзеге асырудың тиімді механизмін жасау керек. Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-әрекеттер жоспары, ол - мемлекет және мықты құқықтық мемлекет құруға ұмтылған қоғамдық институттар жасап жатқан әрекеттерді бір арнаға тоғыстыруға көмек бере алатын құжат" , - деп атап өтті.
Іс-шара ЕО қаржыландыратын "2014-2020 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Екінші Ұлттық іс-әрекеттер жоспарының жасалуы мен жүзеге асырылуына Азаматтық қоғам үлесін арттыру" жобасы аясында ұйымдастырылды.