Астанада күн жылынып, Алматыда жаңбыр жауады: 16-18 сәуірге арналған болжам

Астанада күн жылынып, Алматыда жаңбыр жауады: 16-18 сәуірге арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 16, 17 және 18 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 16, 17 және 18 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

16 сәуірде күн құбылмалы бұлтты болады, аздаған жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін) күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

Реклама
Реклама

17 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус суық, күндіз +6...+8 градус жылы болады.

18 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

16 сәуірде күн бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +17...+19 градус жылы болады.

17 сәуірде күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +11...+13 градус жылы болады.

18 сәуірде күн құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.

Қазақстанда күн күрт суытады

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күн күрт суытатынын айтқан еді. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері шығыста түнде 18 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама