Астанада күн суытып, Алматыда найзағай ойнайды: 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Астанада күн суытып, Алматыда найзағай ойнайды: 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

1 мамырда күн құбылмалы болады, түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

Жарнама
Жарнама

2 мамырда күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +16...+18 градус болады.

3 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

1 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.

2 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

3 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Қазақстанда үсік жүріп, нөсер жаңбыр жауады

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын хабарлаған болатын. 2 мамырда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама