Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуір және 1, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуір және 1, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

"30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, 2 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін", - деді метеорологтар.

30 сәуірде солтүстік және орталық облыстарда, ал шығыс облыстарда кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?

Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы батыста, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір – 2 мамыр аралығында солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:

  • оңтүстік-батыста +17...+22 градусқа дейін,
  • солтүстік-батыста +13...+25 градусқа дейін,
  • шығыста +25...+32 градусқа дейін,
  • оңтүстік-шығыста +25...+32 градусқа дейін.

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • батыста +10...+15 градусқа дейін,
  • солтүстікте +12...+18 градусқа дейін,
  • орталықта +15...+25 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +18...+23 градусқа дейін.

Қазақстанда 2026 жылдың мамыр айы қандай болады

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың мәліметінше, жалпы ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылы болады және жауын-шашын біркелкі түспейді деп күтіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер