Астанада құрылыс компанияларына айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі тиесілі аумақтан құрылыс қоқыстарын уақытында шығармағаны және құрылыс материалдарын қоймалағаны үшін, сондай-ақ, Сығанақ көшесінің бойымен қоршаудың жоқтығына байланысты "Казахдорстрой" құрылыс компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі тиесілі аумақтан құрылыс қоқыстарын уақытында шығармағаны және құрылыс материалдарын қоймалағаны үшін, сондай-ақ, Сығанақ көшесінің бойымен қоршаудың жоқтығына байланысты "Казахдорстрой" құрылыс компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Белгіленген ережелердің талаптарын елемегені үшін компания 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 226 900 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Қазіргі уақытта Астанада ІІД ЖПҚ мен аудан әкімі аппараттары өкілдерінің құрылыс алаңдарын және учаскелерді қаланы абаттандыру ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша күнделікті бірлескен рейдтері жалғасуда.

Атап айтқанда, рейд барысында Town House құрылыс компаниясының тағы да ереже бұзғаны анықталды. Құрылыс материалдарын үйгені және қоршауының белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес келмегені үшін компанияға 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"2017 жылдың қаңтарында ғана ӘҚБК  505-бабы ("Абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша 26 құрылыс ұйымы жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 1 610 990 теңгені құрады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 306 құрылыс компаниясына 18 707 120 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлайды сақшылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro