25 сәуір 2014 17:59

Астанада құрылыста зардап шеккендер өтемақы алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото allprices.com.ua сайтынан Фото allprices.com.ua сайтынан

Астанадағы "Көркем" тұрғын үйін салып жатқан "Айбын құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зардап шеккен құрылысшыларға материалдық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанадағы "Көркем" тұрғын үйін салып жатқан "Айбын құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зардап шеккен құрылысшыларға материалдық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, бүгін таңертең "Көркем" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында металл конструкциясы опырылып, салдарынан 18 адам зардап шекті. "Айбын құрылыс" компаниясы барлық құрылысшыларға және олардың отбасыларына материалдық көмек төленетінін хабарлады. 

Аталған компания таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына жүргізілген тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігін бұзу жайттары анықталмады. Ал құлаған металл конструкциясы жаңадан сатып алынды. Оның тиісті сапа куәлігі де бар. Онымен жүрген барлық құрылысшылар арнайы дайындықтан өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети