Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
26 шілде 15:00-де Астана әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп, инвесторларға бағытталған құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесін өткізеді.
Шараның мақсаты - елордада проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын соңына дейін аяқтау.
Жәрмеңкеде ұсынылған нысандардың ішінде құрылысы бітпеген 13 проблемалы тұрғын үй кешені бар. Атап айтар болсақ: "Пана" ТК, "Хан Тенгри" ТК, "Гранитный 1" және ТК "Гранитный 2" ТК, "Хазрет" ТК, "Көктал-2" ТК, "Зере-1" ТК, "Араби 2" ТК, "Аниса 2" және "Аниса 3" ТК, "Үміт береке" ТК, "Территория комфорта-1" ТК, "Жайлау сити" ТК және "Табысқұрылтай" ТК.
Жәрмеңкеге ҚР "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚРИДМ инвестициялар бойынша комитетінің өкілдері, еліміздің бизнес қауымдастығы, оның ішінде құрылыс ұйымдарының өкілдері бар.
Ресми бөлімін мамандандырылған жүргізуші жүргізеді.
Жәрмеңкеге қатысуға құрылыс нысандарын дамытуға қаржы құятын әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушыларға нысандармен танысу үшін қажетті ақпарат жазылған төлқұжаты бар материалдар дайындалған.
Естеріңізге саламыз, бірінші жәрмеңке Астанада биыл 43 компанияның қатысуымен өткен болатын.
Оның ішінде - Хайвил Қазақстан, Айбын құрылыс, "Құлагер" құрылыс компаниясы, концерн "Найза-Құрылыс" және тағы басқалар.
Өткізілген шараның қорытындысы бойынша құрылысы аяқталмаған төрт нысан бойынша келісімге қол жеткізілді ("Скай сити", "Байтау", "Алға самал және "Араби-2") құрылысты соңына дейін жүргізу туралы алдын ала келісімшарт жасалды.
Жәрмеңке Қорғалжың тасжолы, 2а үйі мекен жайында орналасқан "Думан" қонақ үй кешенінің кинозалында өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 55-64-71, 55-64-73, 70-27-66, 71-24-36 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.