Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел видеоға түсіп қалды видео кадры

Астанадағы тұрғын үйдің біріндегі лифтіде өрескел әрекет жасаған әйел анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үйдің біріндегі лифтіде өрескел әрекет жасаған әйел анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға Жирентаева көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтіне болған. Әйелдің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ол кабинаны жұдырығымен ұрып, ластап және лифт қабырғаларын тырнап жатқаны көрінеді.

Алматы аудандық полицейлері бұзақы әйелдің кім екенін анықтады. Ол 33 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің екі бабы: 434-2 1 бөлігі "Қоғамдық орындарды ластау" (5 АЕК айыппұл) және 434 "Ұсақ бұзақылық" 1 бөлігі (20 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды", - делінген хабарламада.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала меншігіне қамқорлық жасауға шақырады. Кез келген бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, қала тұрғындарының осындай деректерді байқаған жағдайда бірден "102" арнасына хабарласуына кеңес береміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети