Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды Кадр из видео

Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде тағы бір таңғаларлық видео тарады. Кадрларда лифтіде кішкентай қызбен жалғыз қалған ер адамның оған тақалып тұрғанын көруге болады. Лифт тоқтап, есіктерін ашқаннан кейін қыз тез жүгіріп шығып кетті.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 40 жастағы ер адам анықталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында лифтіде ер адамның кішкентай қызды зорламақ болған деген видео анықталды. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу), 440-бап(Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен арыз келіп түсті", - деді полиция басқармасы өкілдері.

Астана полиция департаменті ата-аналарға қырағы болуға және кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети