Астанада жақында ашылған мектеп-лицей оқушыларын шіріп кеткен жемістер мен мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасап.
Астанада жақында ашылған мектеп-лицей оқушыларын шіріп кеткен жемістер мен мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін 2018 жылдың қыркүйегінде Катар мемлекеттік даму қорының қолдауымен салынған №85 мектеп-лицейінің ата-аналары білім ордасының азық-түлік сапасы жайлы әлеуметтік желіде жазған.
"№85 мектептің белсенді ата-аналары балаларының жүрегінің айнығанын, іші ауырғанын және тамақ сапасынының төмен екенін айтып шағымданды. Комиссия өкілдері асхананы тексерді, барлығы сурет пен видеода көрініп-ақ тұр. Балық пен күріш Қытайдан әкелінген, өнімдердің мерзімі өтіп кеткен болмаса төменгі сорттан жасалған. Мұндай азық-түлікпен бастауыш сынып оқушылары тамақтанады", - деп жазды Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Раушан Нұрғалымова "Астана - Что? Где? Когда?" тобында.
Басқармадағылар осыған байланысты сараптама жүргізді. Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіндегілер кездесу ұйымдастырды.
"Ата-аналар жазған барлық дәйек расталды. Кездесу қорытындысы бойынша, өнім жеткізушілер келешекте мұндай фактілерді болдырмауға уәде берді. Ал мектеп әкімшілігіне азық-түліктің сапасы мен азық-түлік өнімдерін сақтау жөніндегі бақылау комиссиясының жұмысын күшейту міндеті жүктелді. Барлық наразылық пен өнім мерзімі сарапшы журналына тіркелді", - деп жауап берді білім беру басқармасындағылар.
Осы мектептің оқушыларын азық-түлікпен қамтамасыз ететін компания өкілдері асхананы құрал-жабдықтармен қамтамыз етуге 15 миллион теңге қаражат бөлгені белгілі. Оқу ордасы Астанада салтанатты түрде жаңа оқу жылы басталған уақытта ашылған. Сондай-ақ, бірінші қыркүйек күні мектепке Елбасы келген.
Басылымның мәліметінше, №85 мектеп оқушылары ата-аналарының бұл бірінші шағымы емес.