Астанада LRT желісіне бағдаршамдар орнатыла бастады - олар не үшін қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT желісіне бағдаршамдар орнатыла бастады - олар не үшін қажет? Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанадағы LRT желісінде бағдаршамдар орнатылып жатыр. Жоба операторы City Transportation Systems (CTS) олардың не үшін қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы LRT желісінде бағдаршамдар орнатылып жатыр. Жоба операторы City Transportation Systems (CTS) олардың не үшін қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана тұрғындары LRT желісінде бағдаршамдар пайда бола бастағанын байқады.

CTS компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, бағдаршамдар резервтік қауіпсіздік функциясын атқарады.

Олар жүйеде штаттан тыс режимдер болғанда немесе техникалық жұмыстар жүргізілген кезде қолданылады.

светофоры LRTФото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

"Пилотсыз LRT желісіндегі бағдаршамдар резервтік қауіпсіздік функциясын атқарады. Пойыздар GOA4 деңгейіндегі автоматты жүйемен басқарылғанына қарамастан, олар жүйенің штаттан тыс жұмыс режимдерінде немесе техникалық жұмыстар кезінде пайдаланылады", - деп хабарлады CTS.

Осылайша, бағдаршамдар қозғалысты басқарудың негізгі элементі емес, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қосымша шара саналады екен.

Астана LRTФото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Еске салайық, Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін тест режимінде пайдалану басталғалы бері алты ай өтті. Елорда әкімдігі мәліметінше, жобаны іске асыру кестеге сай жүріп жатыр және жолаушылар тасымалын іске қосу биыл көктемге жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети