Астанада LRT қашан іске қосылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT қашан іске қосылады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада LRT жобасы бойынша рельстерді төсеу және аялдама бекеттерін әрлеу 2025 жылы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.

"Cтанциялардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы рельстерді төсеу, станцияларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

"City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмысын аяқтау және LRT іске қосу 2025 жылдың аяғына дейін жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети