Астанада LRT құрылысына байланысты көше учаскелері жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT құрылысына байланысты көше учаскелері жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

LRT желісінің жұмысына байланысты Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

LRT желісінің жұмысына байланысты Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, нақтырақ айтқанда Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі", - делінген хабарламада.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

"Қала тұрғындары мен көлік иелері жағдайға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген CTS хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети