Астанада LRT вагондарына белгісіз біреулер салып кеткен граффити арнайы құралдардың көмегімен өшірілді. Бұл туралы City Transportation System (CTS) компаниясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"LRT вагондарындағы граффити арнайы құралдардың көмегімен өшірілді. Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде-ақ қарастырылған: бояу құрамында төзімді қорғаныс материалдары пайдаланылған. Беткі қабат бүлінбей, құрамның бастапқы сыртқы келбеті сақталып, толық тазаланды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін белгісіз адамдар Астанадағы LRT вагондарын граффити салып кеткен еді – іс полицияға берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!