05 желтоқсан 2017 | 10:53

Астанада мамандар ЖҚТБ-ның алдын алу жолдарын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dental-tribune.com © dental-tribune.com

Астана қаласының әкімдігі ЖҚТБ-ға қарсы оңалту орталығымен және ҮЕҰ қолдауымен жыл сайын түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының әкімдігі ЖҚТБ-ға қарсы оңалту орталығымен және ҮЕҰ қолдауымен жыл сайын түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Елордадағы ЖҚТБ-ға қарсы күрес пен оңалту орталығы барлық мемлекеттік және жеке құрылымдарда АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу, емдеу туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Әсіресе жастардың үлесі басым мекемелерде жиі ұйымдастырады. ЖҚТБ-ға қарсы күрес орталығы түрлі акцияларды ұйымдастырып қана қоймай, халыққа тексеруден өтуге де жағдай жасайды. Бұл дерт жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті ақпараттар жазылған парақшалар таратады. Сондай-ақ АҚТҚ-ның әлемдегі, елдегі және қаладағы эпидемиялық жағдайы жайында да ақпарат бере кетеді.

Осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы халықтың АҚТҚ дертінің алдын алуға, сақтану мен емделуіне назарын аудартады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети