Астанада Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдары жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдары жабылады © Тұрар Қазанғапов

22 қыркүйекте сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін велошеру барысында Астананың сол жағалауындағы көшелер ішінара жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 қыркүйекте сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін велошеру барысында Астананың сол жағалауындағы көшелер ішінара жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқа мерзімге мына көшелер жабылады: Тұран даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы дала көшесіне дейін, одан ары Ұлы Дала көшесі бойымен Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін, Мәңгілік ел көшесі бойымен Ұлы дала көшесінен бастап Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, ары қарай Керей, Жәнібек хандар көшесі бойымен Тұран даңғылына дейін.

Осыған байланысты елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін астана тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынды.

Велошеру "Сау жүрек айлығы 2018" жалпы атауымен шаралар сериясының шеңберінде өткізіліп жатыр, мақсаты – халық арасында жүрек ауруының көбейіп бара жатқанын ескерту. Шарадан түскен барлық қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы "Жүрек орталығы" корпоративтік қоры, ол "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ бастамасымен құрылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети