Астанада LRT құрылысына байланысты 16-19 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі екі бағытқа да жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems мәліметтеріне сілтеме жасап.

LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланған (сызбаға сәйкес).
Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады. Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады.
"Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарамада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!