Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы жаңа автобус жолағы қашан ашылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы жаңа автобус жолағы қашан ашылады? Фото: Tengrinews.kz

Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойында арнайы автобус жолақтары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойында арнайы автобус жолақтары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Даңғыл бойында жаңа белгілер жақында ғана пайда болды. Бағандарға 5.9 "Маршруттық көліктерге арналған жолақ" жол белгілері де орнатылған, бірақ әзірге олар матамен жабылған.

Фото: Tengrinews.kz

Tengrinews.kz-ке қала әкімдігі Ұлы дала даңғылынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аумақта Мәңгілік ел даңғылының бойымен екі бағытта да автобус жолақтарын енгізу жоспарланғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 10 шілдеге қарай. Нақты күні туралы кейінірек хабарлаймыз.

Қоғамдық көлікке арналған жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдағы кептеліс пен көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігі Мәңгілік ел даңғылының бойымен 20 автобус бағыты жүретінін атап өтті. Қаланың бас даңғылындағы жолаушылар тасымалы тәулігіне 88 мың адам болады.

"Бұл учаске - қаладағы 28-ші Bus Lane. Қазіргі уақытта жол белгілерін қою және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп қосты әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети