Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жабылады Фото:depositphotos.com

Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19-25 сәуір аралығында Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

"Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан ықтимал кептелістер мен уақытша қолайсыздықтарға тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн", - делінген хабарламада.

Биыл қалада барлығы 60-тан астам көше жөнделеді. Олардың ішінде:

  • Жаңақоныс көшесі А. Кенжиннен Д. Бабатайұлына дейін;
  • Қарталы көшесі Оқжетпес көшесінен М. Дулатов көшесіне дейін;
  • Алаштас жолы 191-көшеден айналма жолға дейін;
  • Қорғалжын тасжолы (тротуарлар орнату)
  • Абылайхан даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейін;
  • Жұмабаев көшесі Б. Момышұлынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
  • С.Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін және т.б.

Сондай-ақ, құрылыс аясында жобаларды іске асыру жоспарланған:

  • Қ.Қайсенов көшесін Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін салу;
  • Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу;
  • Мирас мектебінен М.Жұмабаев көшесіне дейін Күйші Дина көшесінің құрылысы және т.б.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети