Астанада мәртебелі қонақтар: Ақорда Тоқаевтың жұмыс кестесін жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мәртебелі қонақтар: Ақорда Тоқаевтың жұмыс кестесін жариялады Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысының бүгінгі жұмыс кестесі жарияланды. Онда бірқатар кездесу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының бүгінгі жұмыс кестесі жарияланды. Онда бірқатар кездесу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети