Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкеріне қатысты істі қарады. Құқықбұзушы қаулыға қарсы шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерінің мас күйінде көлік жүргізгені сотта медициналық куәландыру қорытындысымен, сондай-ақ бейнематериалдармен расталды.
Істі қарау нәтижесінде ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
"Д. полиция қызметкері екенін ескере отырып, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 32-бабына сәйкес оған әкімшілік қамау қолданылған жоқ", - деп хабарлады сот.
Қаулының көшірмесі оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін полиция департаментіне жолданды.
"Сот қаулысына шағым берілді. Апелляциялық саты бірінші сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды, шағым қанағаттандырылған жоқ", - делінген сот хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!