Астанада мас күйде көлік жүргізген судья: ІІМ пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мас күйде көлік жүргізген судья: ІІМ пікір білдірді Көрнекі сурет: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

ІІМ Астана Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Астана Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

4 қарашада ІІМ жағдайға қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 1 қарашада сағат 4:30 шамасында Астанада "Хан Шатыр" СОО маңында полиция қызметкерлері Mazda-6 автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы болған.

"Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен", - деп хабарлады ІІМ.

Аталған дерек бойынша материалдар судьяны заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Бас прокуратура арқылы Жоғары сот кеңесіне жолданғаны айтылды.

Бұған дейін Астана полициясы судьяның автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылғанын, факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Айта кетейік, Астана бойынша Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың ресми сайтында Әсел Досаеваның судья ретінде қызмет атқаратыны көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети