Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының нөміріне оқырман автокөліктің суретін жіберіп, мұндай мемлекеттік нөмірді бұрын-соңды көрмегенін айтып, бұл жайттың мән-жайын анықтауды сұрады.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Астана қаласының Полиция департаментінен пікір сұрады, себебі "01" - елорда өңірі. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік нөмірлері екенін хабарлады.

Алынған ақпаратты растау үшін тілшілер ҰҚК баспасөз қызметіне сауал жолдады.

"Иә, бұл ҰҚК Авиация қызметінің автокөліктеріне арналған арнайы жаңа мемлекеттік нөмір стандарты. Оны Ішкі істер министрлігі бекіткен. Мемлекеттік нөмірдегі AQ әріптері - "Авияция қызметі" дегенді білдіреді", - дейді ведомство өкілдері.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мемлекеттік нөмірлерді ҰҚК органдары беретінін және олардың жеке базасында тіркелетінін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети