Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 14, 15 және 16 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 14, 15 және 16 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1..+1 градус, күндіз +12...+14 градус болады.

15 сәуірде күн райы құбылмалы болады, кей кездері жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +8...+10 градус болады.

16 сәуірде күн райы құбылмалы болады, кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

15 сәуірде күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

16 сәуірде күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

Қазақстанда қар жауып, 8 градусқа дейін аяз болады

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын күтілетінін хабарлаған болатын. Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі, бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғақ құбылыстарына әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.05   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети