Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанада менингит белең алған жоқ - Бекшин

30 Шілде 2014, 12:47
0
Жандарбек Бекшин. ©Ortcom.kz
Жандарбек Бекшин. ©Ortcom.kz

Астанада брифинг кезінде журналистер бас санитар дәрігер, ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жандарбек Бекшинді менингиттің белең алуы туралы сұрақтардың астына алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Астаналық журналистердің айтуынша, науқас балалары бар ата-аналар қазір жұқпалы аурулар ауруханасында орын жетпей жатқанын айтып, шағымданып жүр. Ауруханаларда койкалар дәліздерге қойылады екен. Бірақ Бекшин бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Бұл - нағыз өтірік. Ешкім дәлізде жатқан жоқ. Астана бойынша 80 жағдай зертханалық жолмен расталды (Астананың жұқпалы аурулар ауруханасында да сонша бала жатыр)", - дейді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Оның айтуынша, балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы 160 орынға арналған. 

Санитар дәрігер Астанада менингит белең алып отырған жоқ деп мәлімдеді, халықтың 5%-дан астамы ауырса ғана эпидемия деп есептелуі мүмкін. "Өткен жылы 900 жағдай тіркелген. Оның ішінде, Астана қаласы бойынша 7 айда 199 жағдай тіркелді, биыл 21 шілдедегі мәлімет бойынша - 193 жағдай, яғни көрсеткіш былтырғы деңгейде тұр", - деді ол. Бекшин ауру деңгейінің төмендей бастағанын айтты.

Бас санитардың айтуынша, көрші елдерде де осындай ахуал қалыптасып отыр. "Былтыр Ресейде энтеровирус инфекциясының төрт мыңнан астам дерегі тіркелді. Ауру деңгейі Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикасында жоғары болып тұр", - деді ол.

Өткен жылы менингит Атырау, Қызылорда, Қостанай облыстарынан басқа өңірлердің барлығында тіркелген. Биыл республиканың сегіз аймағында анықталып отыр. Қызылорда және Қостанай облыстарында ауру мүлдем тіркелмеген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай