Астанада мешіттегі смартфон ұрлығы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мешіттегі смартфон ұрлығы видеоға түсіп қалды Бейнеден алынған кадр

Елордадағы мешіттердің бірінде келушінің телефоны ұрланды. Ұрлық сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Телефонын қуаттауға қойған"

Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ер адам мешітке таң намазына келгені белгілі болды.

"Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен", - деп атап өтті полиция.

"Ер адам ұсталды"

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қызметкерлер сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият болуға және қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске сала кетейік, маусымда Астанадағы мешіттердің бірінде тағы бір келушінің ұялы телефоны ұрланған болатын. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаның арқасында полицейлер 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +33
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +34
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +35
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +31
П
Павлодар +33
Петропавл +29
С
Семей +30
Т
Талдықорған +36
Тараз +39
Түркістан +30
О
Орал +31
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер