30 наурыз 2015 | 17:27

Астанада мейрамханаға барған 19 адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Астанадағы "Старомодный" мейрамханасына барғаннан кейін бірнеше адамның уланып, ауруханаға түскені туралы ақпарат пайда болды. Астаналық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіндегілер асқынған гастроэнтероколитпен ауруханаға түскен 10 адамның өз жағдайларын сол мекемемен байланыстырып отырғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Астанадағы "Старомодный" мейрамханасына барғаннан кейін бірнеше адамның уланып, ауруханаға түскені туралы ақпарат пайда болды. Астаналық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіндегілер асқынған гастроэнтероколитпен ауруханаға түскен 10 адамның өз жағдайларын сол мекемемен байланыстырып отырғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында да, 2015 жылдың 30 наурызында Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан 9 шұғыл хабарлама келіп түсті, олардың 8-і сальмонеллезге, біреуі асқынған гастроэнтероколитке шалдыққан. Сонымен қатар, ҚР ПІБ Медициналық орталығынан 10 науқастың медициналық көмекке жүгінгені туралы ақпарат келіп түсті, олар өздерінің ауруын "Старомодный" мейрамханасымен байланыстырып отыр. Зардап шеккендер ҚР ПІБ Медициналық орталығына орта дәрежелі "Асқынған гастроэнтероколит" диагнозымен жатқызылды. Осылайша, зардап шеккендердің саны 19 адамға жетті", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапта.

Департаменттегілер қазіргі таңда "Старомодный" мейрамханасына сынамаларды іріктеу арқылы жоспардан тыс тексеріс жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Тексерістің нәтижелері азық-түлікке, қоршаған ортадан келетін суға және мейрамхананың қызметкерлері жүргізілген зертханалық зерттеулердің қорытындысынан кейін белгілі болады", - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың "Старомодный" мейрамханасымен байланысы расталатын болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік шараның қолданылатыны айтылды. "Мейрамхана басшылығы 2015 жылдың 29 наурызынан бастап зерттеудің қорытындысы шыққанша және ашуға рұқсат берілгенше нысанды жапты", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети