Астанада "Қазақстан - Корея достық бақшасын" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада "Қазақстан - Корея достық бақшасын" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарына қарағанда, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан - Корея достық бақшасын" ашу туралы келіссөздер жүргізілді.
Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Достық бақшасын құру мақсаты - серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында "Қазақстан - Корея достық бақшасы" жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды.