Астанада мопед жүргізушілері полицейлермен дауласып қалды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының автоэкипажы екі мопед жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Олардың реакциясы полицейдің видеожетонына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының автоэкипажы екі мопед жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Олардың реакциясы полицейдің видеожетонына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқтағаннан кейін жүргізушілер наразылығын білдіріп, полицейлермен дауласқан. Осы уақытта топқа өзін мопед иесі ретінде таныстырған жігіт қосылады. Көлік құралдарына құжаттары жоқ екенін анықтағаннан кейін полицейлер мопедтерді коммуналдық тұраққа қою үшін алып, жастарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға шешім қабылдайды. Сол кезде олардың бірі қашуға тырысқан. Арнайы батальон қызметкерлері оны жедел ұстап, құқық бұзушыларды бөлімшеге жеткізген.

Ұсталғандарға қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мопедтер коммуналдық тұраққа қойылды. Заңбұзушыларға 35 АЕК (2024 жылы 129 220 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети