26 наурыз 2014 17:51

Астанада мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ертең, наурыздың 27-сі күні Астанадағы Конгресс-хол сарайында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шара сағат 10:00-14:00-дің аралығында өтеді. "Астана қаласының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне етене араласуына, сондай-ақ жұмысқа орналасуына көмектесу үшін "Нұр Отан" партиясының қалалық бөлімшесімен бірлесе отырып, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді. Оған жұмыс берушілер және еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар шақырылып отыр", - делінген ресми хабарламада.

Айта кеткен жөн, бүгінде Астана қаласында 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Қоғамдық ұйымдар өкілдерінің сөзіне қарағанда, ол азаматтардың басым бөлігі жұмыс істеп, мемлекетке салық төлей алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети