16 мамыр 2017 | 19:16

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар EXPO-2017 нысандарына қиындықсыз бара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Бүгін елорда әкімдігінде өткен брифингте Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды. Қазіргі таңда бас қалада 20 945 мүгедек адам тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 1 топтағы - 2206 адам, 2 топтағы - 7828 адам, 3 топтағы - 7054 адам және 18 жасқа дейінгі 3857 мүгедек бала бар.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін елорда әкімдігінде өткен брифингте Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды. Қазіргі таңда бас қалада 20 945 мүгедек адам тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 1 топтағы - 2206 адам, 2 топтағы - 7828 адам, 3 топтағы - 7054 адам және 18 жасқа дейінгі 3857 мүгедек бала бар.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды Астанада 19 "Инватакси" тасымалдайды. Жалпы саны 457 адам осы қызмет түрін пайдаланады, оның 147-і бала. "Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жеке санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы" бағдарламасы аясында қаланың мүгедек адамдарына тегін қызмет көрсету бойынша әлеуметтік қолдау тынытылады. Мәселен, қалалық жолаушылар көлігінде әлеуметтік төлемдер қарастырылған (таксиден бөлек).

Жыл басынан бері 17 200 адам осы қызмет түрін пайдаланады. Бұдан бөлек, пешпен жылынатын жер үйлерде тұратындарға қатты отын сатып алуға қаражат беріледі. 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шеутеулі азаматтарға 2 жылда бір рет тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2017 жылы 600-ге жуық адамға үйде арнайы және басқа да әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту және бейімдеу шараларын күшейту қарастырылған кешенді жоспар бар. Нәтижесінде бүгінгі таңда Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы 240 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсеткен. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

2012 жылдан бері мүгедек адамдарға нысандардың ыңғайлылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құжаттандыру бағытында топ жұмыс істеуде. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Астанадағы 365 нысан осындай тексерістен өткен, оның 46-ы бейімделген. Осы жылдың ақпан айынан бастап мүгедектердің халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 нысандарына еш кедергісіз, қиындықсыз баруына жағдай жасалуда. 2017 жылы 705 нысанды талапқа сайлылығын растайтын төлқұжат беру жоспаарланған.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша қолданыстағы заң нормаларының сақталуын бақылау бағытында жұмыс жүргізіуде. 2016 жылы 12 тексеріс өткізілсе, оның 8 жоспардан тыс. Нәтижесінде 1,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, 7 нысан мүгедек жандарға ыңғайлы етіліп қайта жабдықталған, 1 нысанда жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы 7 тексеріс жүргізіліп, жіберілген кемшіліктерді түзету бойынша ұйғарым жасалған.

Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жүргізушілерді және кондукторларды оқыту көзделген. Бүгінде 900 адам оқыған.

Қазір Астанада 84 нысанда жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жарықмодульдары орнатылған. 135 бағдаршамда уақытты кері санайтын таблолар қойылған. 70 "Мүгедек" жол белгісі орнатылған. Аудан әкімдіктері саябақтар мен гүлзарларда, аула аумақтарында, жол үсті және асты жолдарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуын зерттеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети