Астанада мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісін балағаттаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада полицейлер естіп және сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды тауып, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлер естіп және сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды тауып, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік ішінде түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда жолаушы ретінде екі ер адам көлікте отырғаны көрінеді. Алдында отырған ер адам жүргізушінің мүмкіндігі шектеулі екенін білгенде оған дөрекі сөйлей бастайды. Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.

"Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Назар аударыңыз! Бейнеде балағат сөздер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети