Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2018 жылдың наурыз мерекесі күндері елордада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2018 жылдың наурыз мерекесі күндері елордада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Оңтүстіктен келетін циклонның әсерінен ел ордамыз Астанада қар аралас жаңбыр жауып, оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр және жылымық орнайды. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 0-5 жылыға дейін жоғарылайды.
"Наурыз мерекесі күндері күн райы жауын-шашынсыз, ауаның температурасы түнде 5-10 аяз, күндіз 0-5 аяз күтіледі. Бірақ, суық ұзаққа созылмайды, артынша кезекті циклонның әсерінен тұрақсыз күн райы байқалып,жылымық орнайды. Айдың соңында суық ауа массаларының келуіне байланысты күн қайтып суытады", - делінген хабарламада.
Наурыз айында жылы және салқын күндер алма-кезек ауысып тұратындықтан күн райы құбылмалы болып келеді.