Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь президенті Александр Лукашенконың және Ресей президенті Владимир Путиннің үшжақты кездесуін өткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"13 наурызда елордада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың ақпан айында Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі Ерғали Бөлегенов пен осы елдің Сыртқы істер министрі Владимир Макей Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь президенті Александр Лукашенконың және Ресей президенті Владимир Путиннің үшжақты кездесуін таяу уақытта Астанада өткізу мүмкіндігін талқылаған болатын. "Сұхбат барысында екі жақты ынтымақтастық және халықаралық алаңдарда, соның ішінде ТМД, ЕАЭО шеңберінде ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жақында жоспарланған Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің Астанада үшжақты кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасылды", - делінген еді ҚР СІМ баспасөз хабарламасында.