29 желтоқсан 2016 17:21

Астанада Назарбаевтың сағатты мұнарасын тұрғызу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© imperor.net © imperor.net

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың сағатты мұнарасын тұрғызу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың сағатты мұнарасын тұрғызу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдердің мемлекет басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдік және қазақстандық мемлекеттік, қоғамдық және іскер ұйымдар жетекшілерінен, түрлі партиялардың басшылары мен мүшелерінен, зиялы қауым өкілдерінен, еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларынан, сондай-ақ Қазақстанның, алыс-жақын шетел азаматтарынан көптеген хаттар келіп түсті.

Хаттардың бірінде Н.Әмзеев өз хатында республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сағатты мұнарасын тұрғызуды ұсынған.

"Ағылшындарда Биг-Бен - Вестминстер сарайының сағатты мұнарасы, ресейліктерде Мәскеу Кремлінің Спасск мұнарасында сағат бар. Біздің де өзіміздің сағатымыз болар еді. Осылайша жер бетінде тағы бір бүкіләлемдік сағатты мұнара бой түзер еді",  - дейді хат иесі Н.Әмзеев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өз атына келіп түскен барлық хаттармен мұқият танысып шықты және барша хат иелеріне жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін алғыс білдіргені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети