Астанада Назарбаевтың құрметіне монумент тұрғызылады

© Тұрар Қазанғапов

Астанада Назарбаевтың құрметіне монумент тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  

Астанада Назарбаевтың құрметіне монумент тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  

"Біздің елордамызда ҚР Тұңғыш Президентінің құрметіне монумент көтеруді ұсынамын", - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, ол Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды. 

Реклама
Реклама

"Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: елордамызға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді", - деген еді Тоқаев.

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама