20 наурыз 2019 12:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол Қазақстан Президенті міндетіне кірісті. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Президентінің куәлігін табыстады.

Бұл іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, үкімет мүшелер, шетелдік елшілер, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысып жатыр.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өтті.

" Қасым-Жомарт Тоқаев - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ағылшын, қытай және француз тілдерін меңгерген. Еліміздің басқарушы лауазымындарында үлкен еңбек өтілі бар, еліміздің сыртқы саясаты қалыптасу кезінде сыртқы істер министрі болды. Вице-премьер, министр және премьер-министр, Сенат төрағасы қызметтерін атқарды. Елімізді біледі, оның экономикасын, саясатын біледі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді", - деген еді Назарбаев 19 наурызда телеарналар арқылы айтқан мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Назарбаев Тоқаевтың адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), 2013 жылдың 16 қазанынан бастап ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметін атқарды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети