Астанада Нидерландыдан әкелінген 389 дана раушан гүлі өртелетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Нидерландыдан әкелінген 389 дана раушан гүлі өртелетін болды ©ura.ru

Астанада гүл трипсі бар раушан гүлдері өртеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астананың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген 389 дана раушан гүлінің залалданғанын анықтады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Астана халықаралық әуежайы" фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру жүргізу кезінде гүлдерден нұсқалар алып, республикалық карантиндік зертханаға жіберген.

"Сараптама нәтижесі бойынша гүлді трипс анықталды. Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  қазіргі таңда батыс (Frankliniella occidentalis) гүл трипсі жабық жерде өсірілетін гүлді, декоративті, көкөніс дақылдарының аса қауіпті зиянкесі болып есептеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети