15 қаңтар 2015 | 20:05

Астанада "норманд төрттігі" кездесуі қаңтар айының соңында өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі норманд форматындағы (Украина, Ресей, Германия, Франция) биік деңгейдегі кездесу қаңтар айының соңында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі норманд форматындағы (Украина, Ресей, Германия, Франция) биік деңгейдегі кездесу қаңтар айының соңында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы Украинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Петр Порошенконың мәліметінше, таяу уақытта "норманд төрттігінің" сыртқы істер министрлері мен Шығыс Украинадағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобының кездесуі өтеді, онда Қазақстанның елордасында талқыланатын құжаттың жобасы әзірленеді. "Петр Порошенко жоғары деңгейдегі кездесуді өзінің Астанада өткізуге ықыласты екенін растады. Әңгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларының Астанадағы кездесуін қаңтардың аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды. Телефон арқылы сөйлесуге Украин жағы бастамашы болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Астанада Украина, Ресей, Германия және Франция президенттерінің қатысуымен өтуі ықтимал кездесудің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болған еді.

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Украина жөніндегі биік деңгейдегі кездесу 15 қаңтар күні Астанада "норманд форматында" өтеді деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети