20 қазан 2023 16:02

Астанада "ӨКМ операторының" экс-басшысына қатысты басты сот отырысы басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтарованың ісі бойынша негізгі сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтарованың ісі бойынша негізгі сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта тараптар процессуалдық келісім жасасып, келтірілген залалды өтеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Сот 27 қазанға дейін уақыт берді.

Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, кәдеге жарату төлемінен 920 миллион теңге көлемінде дивиденд түрінде заңсыз төленген қаражатты иемденген деген күдікке ілінген болатын.

Еске салайық, "ӨКМ Операторы" бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғаны хабарлаған болатын.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети