24 ақпан 2016 10:49

Астанада "Оңай" жүйесінің аналогы биылғы мамырда іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Оңай" жүйесінің аналогы биылғы мамырда іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа кезекті есеп беру кездесуінде хабарлады. 


Астанада "Оңай" жүйесінің аналогы биылғы мамырда іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа кезекті есеп беру кездесуінде хабарлады. 

"Мамыр айында елорда жол жүру ақысын электрондық жүйе арқылы төлеуге көшеді, бұл тасымалдау сапасына оң әсерін береді. Автобус паркі 65 пайызға жаңартылды, ал жаңа автобустар ақпараттандыру, кондиционирлеу, жылыту, видеобақылау, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулік адамдар мен балаарбасымен жүретін ата-анаға арналған пандустармен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады әкім.

Сонымен қатар, Жақсыбеков Қазақстанда халықаралық тәжірибеге сәйкес тұңғыш рет Көлік ағымдарын басқару орталығының енгізілетінін, бірыңғай диспетчерлік қызметтің және көлік бақылауының құрылғанын, тұрақ кеңістігін бірыңғай басқару қызметінің құрылғанын, мұнымен бірге толықтай зияткерлік көлік жүйесін енгізу бойынша жұмыстардың жүріп жатқанын айтып берді. 18 жылдан бері бірінші рет қаланың бағыттар желісінің модернизациясы жүргізілген.

"Қаладағы 39 бағыт өзгерді, 14 - өте ұзын бағыттар бөлінді. Осылайша, бағыттардың саны 53-ден 63-ке дейін көбейді. Балама ретінде қалада 6 экспресс-бағыт бар, олар тоқтайтын аялдама аз және оның жолы бұрылыстарсыз. Сонымен қатар, Астанада тағы да қосымша 7 экспресс-бағыт ашылады", - деді әкім.

Сонымен бірге, қала сыртындағы 50 шақырым қашықтықтағы 16 елді мекен мен қала ортасындағы аралықта автобустар жүре бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети