Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр © Болат Кожамжар

Астанада осымен бесінші тәулік оқушы Болат Қожамжар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада осымен бесінші тәулік оқушы Болат Қожамжар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада 10-сынып оқушысының суреті бейнеленген парақшалар таратылған.

"Мен оның жоғалып кеткеніне сенімдімін. Біз оның қайда екенін білмейміз. Алғашқы үш күн бойы оның ұялы телефонына хабарласа алмадық. Ал дүйсенбі күні телефоны өшіп тұрды. Ол жұма күні түстен кейін шығып кеткен. Сыныптастары оны компьютер клубында көрген екен. Олардың айтуынша, ол компьютер ойнап болғаннан кейін "Мен үйге кеттім, қайтуым керек" деп айтқан. Бірақ ол үйге келмеді", - деді оқушының анасы. Оған қоса, анасының сөзінше, ол ешқашан үйден қашып кетпеген.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері оқушының жоғалу дерегі бойынша және оның қай жерде жүргені туралы іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Болат Қожамжарды іздеуге сыныптастарының ата-аналары да қосылған.

"Ол ешкіммен ұрыспайтын, момын оқушы болатын. Соңғы рет ол компьютер клубында болған. 8 ақпан 19.30-да онымен басқа балалар сөйлескен. Ол сыныптастарына сол күні "Менің ойнау уақытым 20.00-ге дейін төленген. Одан кейін мен үйге қайтамын" деп айтқан. Сосын ол жоғалып кетті. Ешкім оны көрмеді. Бесінші тәулік болды. Бұл дұрыс емес жағдай", - деді сыныптас оқушының анасы Динара Қайдарова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети