Астанада өрт шығып, төрт бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт шығып, төрт бала қаза тапты Астана ТЖД

Астанада жеке екіқабатты үйде өрт шығып, төрт бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жеке екіқабатты үйде өрт шығып, төрт бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап өрт шықты.

Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жануды байқаған. Өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.

Себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети